Сабақтың тақырыбы: ” Қыз Жібек ” жыры бойынша бекіту сабағы
Сабақтың мақсаты:
1. Жырдың тақырыбы мен идеясын, мазмұнын ашу, композициялық құрылысын талдау, кейіпкерлер бейнесін ашу.
2. Оқушылардың сөйлеу мәнерін жетілдіру,өз ойын еркін, жүйелі жеткізе білуге дағыландыру, ой қорыту,қорытынды жасау, салыстыра білу дағдысын дамыту.
3. Ұлтымыздың салт-дәстүрі арқылы адал достыққа, әсемдікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Бекіту сабағы.
Сабақтың эпиграфы:
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Абай
Пәнаралық байланыс:
Тарих, география, кино, музыка,қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта,сурет,күй,карта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (сыныппен амандасу, сыныпты мозайка тәсілімен топқа бөлу)
“ Қызығушылығын ояту ” сатысы .
Сұхбат-тест.
- Лиро-эпостық жырлар деген не?
- “ Қыз Жібек ” жырының тақырыбы не?
- Жырда қандай жер мен ру аттары айтылады?
- “ Қыз Жібек ” фильмінің режиссері кім?
- Төлеген мен Жібектің рөлін сомдаған актерлер кімдер?
- Олардың шынайы өмірі туралы не білесің?
- Бекeжанның рөлін сомдаған актер?
- Жібектің Төлегенге мінгізген аты қалай аталады?
- Сансызбай кімді өлтірді?
Негізгі бөлім
Зерттеу
1. ” Қыз Жібек ” жырының кейіпкерлері
” Қыз Жібек ” жырының тарихи маңызы
2. Талдаңыз
Жырдың композициялық құрылысы
Жырдағы салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы
Баласына теріс бата берген Базарбайдың қылығына қалай қарайсыңдар?
3. Салыстырыңыз
“ Қыз Жібек ” жыры мен фильмі
Ғашықтық жырлар мен батырлар жыры.
Кеңес үкіметіне “ Қыз Жібек ” жырынан несі ұнамады? Қалай ойлайсыңдар?
4. Әдебиет теориясы
Жырдың көркемдік ерекшелігі (портреті, риторикалық сұрақ, инверсия, аллитерация, метафора, ассонанс, эпитет).
Лиро-эпостық жыр
“ Қыз Жібек ” жыры
1. Төлеген өлгеннен кейін қалмақ ханы Хорен Қыз Жібекті Сырлыбайдан қалыңдыққа сұрайды. Сансызбай Хоренді өлтіреді.Жібек әмеңгерлік салты бойынша Сансызбайға қосылады.
2. Қыз Жібек пен Төлеген арасындағы шынайы махаббат.
Қазақ ауылының көшпенді тіршілігінің сән-салтанаты.
Кинофильм
Режиссері: Сұлтанбек Қожықов,Шәкен Айманов
Басты рөлдерде: Меруерт Өтекешова. Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов.
Бұл фильм жазушы Ғ. Мүсіреповтің “ Қыз Жібек ” музыкалық драмасы бойынша түсірілген. Композиторы- Нұрғиса Тілендиев. Суретшісі- Гүлфайруз Ысмайылова.
Бұл фильмде тек екі ғашықтың таза махаббатын көрсету негізгі мақсат болған. Сол себепті Жібек жартастан секіріп, махаббат жолында өзін құрбан етеді.
Пікірталас
- Өзі сұлу әрі жас Жібектің Сансызбайға әмеңгершілікпен қосылуы дұрыс па?
Рефлексия ” Бүгінгі сабақтан алған әсерім ”
Үйге тапсырма: “ Қыз Жібек ” жырының тарихи маңызы.
Сабақты қорытындылау
Күй тыңдау Нұрғиса Тілендиев (Аққулар)