Үйге тапсырманы тексеру. 1.Ішек қуыстыларға қандай жәндіктер жатады? 2.Ішек қуыстылардың денесі неше қабаттан тұрады. 3.Сірқабық деген не? 4.Финка қалай дамиды? 5.Тип неліктен жұмыр құрттар деп аталады? 6.Жалпақ құрттардың ерекшелігі неде? 7.Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығы неде? 8.Сірқабықтың ағза үшін қандай маңызы бар? 9.Жұмыр құрттар қалай көбейеді? 10.Паразит құрттарға қарсы қандай шаралар жүргізуге болады? 11.Бауырсорғыш қалай көбейеді? 12.Сиыр цепенін қайда кездестіруге болады?
Биологиялық диктант.
1.Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы …. деп аталады.
2.Жалпақ құрттар ….. класқа жіктеледі.
3.Жалпақ құрттар денесі…… қабаттан тұрады.
4. Сорғыш құрттар класының өкілі………,
5.Жіңішке жұмыр құрттар…….., деп аталады.
6.Жұмыр құрттардың денесі …….пен қапталған.
7…….қабаты сірқабық деп аталады.
8.Құрттардың сірқабықты тастауы…….. деп аталады.
9.Ақ сұламаның қарапайым ………. бар.
10. Ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндітер…… деп аталады.
Жаңа сабақ Тақырыбы: Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Сабақтың мақсаты : Шұбалшаңның тіршілік әрекеті мен сыртқы құрылысын білуге үйрену. Сабақтың міндеттері: 1.Шұбалшаңның ылғалды жерде тіршілік ететінін біле жүруге түсініктерін қалыптастыру. 2. Шұбалшаңның тіршілік әрекеті жайлы сын тұрғысынан ойлауы. 3.Топтық жұмыста оқушылар арасында сыйластық болады.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: қолданыс сұрақтары, электронды оқулық, зерттеу жұмыстары,бірігіп сурет салу, сыни ойлауы, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, маркер А4 форматты қағаз, шұбалшаң құрт, шыны табақша пипетка, ұлғайтқыш әйнек.
Күтілетін нәтиже: 1.Шұбалшаң құртының құрылысы және қызметі мен танысу. 2.Шұбалшаңның құрылысын зерттеу. 3.Бір- бірімен пікір алмасады зерттейді. Сабақтың жоспары:
1.Миға шабуыл : Жауыннан кейін жер бетінде шұбала созылып жататын, құнарлы топырақта тіршілік ететін құрт қалай аталады?
2. Мағынаны тани білу :
Әрбір топқа мәтін бөліп беріледі.
1-топқа. Шұбалшаңның тіршілік әрекеті.
2-топқа. Қоректенуі, тыныс алуы
3-топқа. Қан айналымы сезім мүшелері
4-топқа. Зәр шығаруы көбейуі.
Ой толғаныс : Мәтінмен толық танысады, №2 зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Шұбалшаңның мінез –құлығын оның қозғалуын тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Мақсаты: Шұбалшаңның сыртқы құрылысын,қозғалысын бақылау.
Көрнекі құрал жабдықтар: Шұбалшаң құрты, шыны ыдыстар, ұлғайтқыш әйнек, шыны таяқшалар.
НЕ істедік
Не байқадық
Оқулықпен жұмыс. Суретті талдайды. Сөздікпен жұмыс, түртіп алу. Бағалау: 1.Сабаққа оқушының ой түйіні. 2.Бағалау критерий . 3.Ынтасы, білімі, жауапкершілігі, әр топ бағасы
Үйге тапсырма 44. Буылтық құрттар.
“ Табиғаттағы маңызы”
Эссе жазу.