?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары «Екі со?а» ??гімесі

№ сабақ

Сынып: 1 сынып (6-7 жасар)

Мерзімі:

Мұғалім: Ешекенева А.Б

Оқушылар саны:

Қатысқаны:

Сабақтың тақырыбы

«Екі соқа» С. Көбеев

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, 1 сынып, Ана тілі, Әуелбаева Ш., — Алматы : Атамұра, 2012 жыл

Мақсаты

Жаңа білімді меңгеру, сөздік қорды молайту.Топта жұмыс жасауға дағдылану.

Негізі идеясы

Ердің атын еңбек шығарады.

Оқыту нәтижелері

Жаңа мәтінді меңгереді, сөздік қорды молайтады,мәтінді түсініп, мазмұндайды.

Әдіс-тәсілдер

Тәсілдер: жекелей, жұптық, топтық.

Әдістер: «Ыстық микрофон», «Шеңбер бойымен», «Тізбектей оқу», «Семантикалық карта», «Ойлан, жұптас, пікірлес!», «Болжау ағашы», « Миға шабуыл»

Сабақтың көрнекілігі

интерактивті тақта, слайдтар, сурет, а3 қағазы, түрлі түсті маркерлер,

Дереккөздері

Ана тілі, Әуелбаева Ш., — Алматы : Атамұра, 2012 жыл. Жақсылықова Г.И. «Интербелсенді әдіс- тәсілдер» Әдістемелік құрал.Өскемен 2014

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

I.Қызығушылықты ояту

Түгендеу.

  • Шаттық шеңберіне шақырады. («Сенің бойыңдағы жақсы қасиеттер?)

Топқа бөлемін.(Көктем мезгіліндегі алғашқы гүлдердің бірі- қызғалдақ «сары және қызыл») Топ басшыларына бағалау парақшаларын ұсыну.

  • 1-топ: Сары қызғалдақ

  • 2-топ: Қызыл қызғалдақ

Шаттық шеңберіне қатысады:

Оқушылар бір-біріне жақсы қасиеттерді атап шығады.Мысалы: «Тамирис, сен сондай еңбекқор адамсың»

Топқа бөлінеді. (Конверттегі сары және қызыл қызғалдақтар бойынша )

Жарайсыңдар, балалар!

Үй тапсырмасын тексеру үшін «Ыстық микрофон» жүргізу

102-жаттығу: Сөйлемдерді оқып,жер-су аттарын атау;

«Шеңбер бойымен » әдісі

(«Көктем мезгілі» тақырыбына байланысты өз пікірлерін ортаға салады.)

Көктем мезгілі туралы бейнебаян көрсету.

  • Балалар, мына көріністе нені тамашаладыңдар?

  • Қандай еңбек түрлерін көрдіңдер?(Түрткі сұрақтар)

  • Екі соқа» мәтіні

Топтан 1 оқушы ыстық микрофонды ұстап келесі топтағы балаға микрофонды ұсынады.Ол оқушы бір сөйлемді оқып , талдайды.

Оқушылар көктем мезгілі туралы өз пікірлерін баяндайды.

Көктемгі еңбек жайында пікір алмасқан соң оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

«Бағдаршам»

II Мағынаны ажырату

1. «Тізбектей оқу» әдісі арқылы мәтінді оқып шығады.

«Екі соқа» мәтіннің бір бөлігін тізбектей оқып шығып, «Болжау ағашына» кезігеді.

-Бұдан ары қарай не болды?

-Мәтін немен аяқталды?

Оқушылар мәтінді тізбектей оқып шығады.

Оқушылар ары қарай мәтінді толығырақ ашу үшін өз болжамдарын айтып болжайды.

Мұғалімнің ынталандыру сөздері

Білу,түсіну

«Семантикалық карта»(Топтарға екі соқаны салыстыруға семантикалық карта беріледі.)

Бірінші

соқа

Екінші

соқа

Оқушылар соқаның қасиеттерін жазып шығып, ортаға әр топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.

« Бағдаршам»

Сергіту сәтін ұйымдастыру «Ақбұлақ».

Оқушылар сергіту сәтін орындайды.

Бас бармақ

«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі

Интерактивті тақтада 103 – жаттығудағы өлең жолдары берілген. Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, кісі және өзен аттарын теріп жазу.

Оқушылар өздері білетін қосымша деректерді пайдаланып, А3 форматына кісі және өзен аттарын теріп жазады.

Екі жұлдыз, бір тілек

Деңгейлік тапсырмаларды орындатады

С деңгей: «Конверттегі сұрақ» әдісі. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

В деңгей:«Ойлан, тап!» әдісі. Мәтіндегі соқаның жағымды қасиеттерін анықтайды.

А деңгей: «Миға шабуыл». Оқушылар берілген мақалдың мазмұнын түсіндіреді.

«Бағдаршам»

Үйге тапсырма беру

Күнделікке жазу: 104 – жаттығу, 119 бет. (Алдымен кісі аттарын, сонан соң жер- су аттарын теріп жазу қажет)

Мұғалімнің ынталандыру сөздері

Жиынтық бағалауды жүргізу

Өз жауабы мен басқа оқушылардың жауап берулерін салыстырады, жақсыны үйреніп, басшылыққа алады. «Бағалау парағын » толтырады.

III. Ой толғаныс

Кері байланыс

« Күлегештер»

Оқушылар бүгінгі сабақ барысындағы көңіл- күйлерін көрсетеді.

.Көңілкештер

Легко учиться!