Сынып:11 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Арендер. Бензол
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға арендер және оның қарапайым өкілі – бензол туралы білім беру;
2) Жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу, мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту;
3) Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын тудыру, өз ісіне жауап және баға беру, экологиялық ойлауды тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жартылай-ізденіс.
Сабақ түрі: Жаңа материалды өту.
Ұйымдастыру формасы: проблемалық сұрақтартарға әңгімелесу, өздік жұмыс, рефлексия.
Керекті құалы: таблицалар, химиялық құраллдар мен реактивтер
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
— оқушылармен сәлемдесу;
— оқушыларды түгендеу
— бөлменің тазалығын қадағалау;
— оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Миға шабуыл…
1) Қанықпаған көмірсутектер туралы не білесіңдер?
2) Бензол туралы жалпы не білесіңдер?
ІІІ Жаңа сабақ
Арендер — хош иісті көмірсутектер. Арендердің алғашқы табылған мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан, оларды ароматты көмірсутектер деп те атайды. Бірақ кейінірек ароматты көмісутектерге жататын көптеген заттардың хош иістері болмайтыны анықталды. Осыған қарамай, тарихи қалыптасып қалған бұл атау осы кезге дейін қолданылып келеді.
Арендер — молекулаларының құрамында бензол сақинасы (бензол ядросы) бар жалпы формуласы СnН2n —6болатын көмірсутектер. Арендердің ең арапайым мүшесі — бензол С6Н6.