Сабақ: жаратылыстану |
Мектеп:№3 ЖББМ |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Биткембаева Г.Б. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП:2 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Алуан түрлі жануарлар
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім |
2-бөлім: Жанды табиғат. Жануарлар
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлімше |
2.2 Жануарлар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары |
2.2.2.1 — жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер; 2.1.2.5 — құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілерді жануарлардың кластарына айырмашылықтарына қарай ажыратады; құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізеді Көптеген оқушылар: құрылған жоспарға сәйкес қорытынды жасайды Кейбір оқушылар:өз бетінше бақылау жүргізіп, нақты дәлелдер келтіреді |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Жануарлар класының өкілдерін ажыратады: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер; Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізеді Құрылған жоспарға сәйкес қорытынды жасайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты лексика |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылар: жануардың бейімделуін сипаттайды. Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: құс, сүтқоректі, тіршілік ортасы, көбею, уылдырық, жұмыртқа, төл, көбею, бейімделу, рең, тіршілік әрекеті, аман қалу, қорғану. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Мысалы (тілдік мақсатқа байланысты): Жануарлар аман қалуы үшін не істейді? Неліктен кейбір жануарлар қыста ұйқыға кетеді? Неліктен кейбір құстар күзде оңтүстікке ұшып кетеді? Баласын тірі туатын жануарларды ата. Жазбаша тапсырма: Қатаң қыс жағдайларына жануарлардың бейімделу мысалдарын атаңыз…
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; қарым-қатынас жасау қабілеті; |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, көркем өнер |
||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд, бейнефильм |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Жануарлардың негізгі сипаттамаларын біледі, үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата алады. Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі. Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуін түсіндіре алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Басы |
Психологиялық дайындық Балаларды реттеу (Ұ) Бейнефиль көрсетіп, сол бейнефильмде нелердің бейнелерін көргенін сұрау -Балалар, қазір сіздер нелердің суреттерін көрдіңіздер? -Оларды бір сөзбен нелер дер атайды? -Дұрыс айтасыздар. Олай болса біздің бүгінгі сабағымыз бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер туралы болмақ. Осы сұрақ-жауап арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамын. Мозайка әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу 1топ «жануарлар» 2 топ «құстар» 3 топ «сүтқоректілер» |
Бейнефильм
Суреттер қимасы
Түрлі-түсті суреттер
Түрлі суреттер
Кесте суреттер
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы |
(Т) «Ұқсастығын тап» ойынын ойнауды ұсынамын. 1-топ: бунақденелілердің, балықтардың, қосмекенділердің, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің екі түрлі суреттері беріледі. Оқушылардан әр жануардың жұбын табуды және өз жауабын түсіндіреді. 2-топ: Оқушыларға балықтың қабыршағы, қауырсын, мамық, терінің суреттерін ұсынамын. Оқушылардан суреттердің ортақ ұқсастығын табуға тапсырма беремін. Жануарларды топқа бөліп, оларға атау береді 3-топ: бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын табады
Дескриптор: Әр жануардың жұбын табуды және өз жауабын түсіндіреді Жануарларды топқа бөліп, оларға атау береді айырмашылығы мен ұқсастықтарын табады
(ҚБ) Топтардың жұмыстарын «Бағдаршам» әдісімен бағалау Кері байланыс: «жылы-суық»:жылы, себебі…., суық, себебі… түсіндіреді
(Ұ) «Балық, құс, аң» ойыны Жануарлардың түрлері, жануарларды топқа жіктей білуі туралы оқушылардың білімдерін толықтыру үшін «Балық, құс, аң» ойынын ойнатамын. Оқушылардың қолына суреттер беремін. Мұғалі аң дегенде аңның, балық дегенде балықтың, құс дегенде құстың суреттерін көтеру керек. Дескриптор: Құстарды білді Аңдарды білді Балықты тапты
ҚБ. Қолдау, қолпаштау Кері байланыс: «Ыстық картоп» әдісі
Сергіту сәті: Секіреміз топ-топ, Шапалақтап көп-көп. Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш, Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
(Т) Топтарға Эйлер-Венн диаграммасын таратып беріп, 1-топқа тоқылдақ пен қасқырды,
2-топқа бақа мен бал арасын,
3-топқа қоян мен тасбақаны салыстыруды ұсынамын.
Дескриптор: Жан-жануарларды салыстырды Ұқсастықтарын тапты
ҚБ. Бағдаршам Кері байланыс: сұрақ-жауап әдісі бойынша жүргізіледі
(Ж) «Сәйкестендіру» әдісі Оқушыларға жануарлардың суреттерін және олардың қоршаған ортаға бейімделуінің сипаттамасын ұсынамын. Оқушылар оларды сәйкестендіруі тиіс. Кестемен жұмысты ұсынамын.
Дескриптор: жануарлардың суреттерін және олардың қоршаған ортаға бейімделуінің сипаттамасын ұсынамын Тиісті іс-әрекеттермен сәйкестендірді
ҚБ. Қол шапалақтау
(Ж) «Сөз ойла,тез ойла» әдісі Оқушылардың әр жұбына екі жағында да жануарлардың суреті салынған парақтар беріледі. Бір оқушы парақтың келесі бетінде қандай жануардың суреті салынғанын көрмейді. Олар кезектесе отырып, бір-біріне жануардың мекен ету ортасын бейімделу сипаттамасын айту арқылы оның қандай жануар екенін табады Дескриптор: Суреттеріне қарай сипаттай білді
ҚБ. Жеңімпаздар «Жұлдызшалармен» марапатталады |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы |
Рефлексия, кері байланыс
Рефлекция “Білім ағашы”-түсіндім -жартылай түсіндім -түсінбедім |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша мәліметтер |
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау—оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? оқушыларға анықтама мен жануарлар тобын біріктіру үшін жұмыс парақтарын беремін, қабілеті жоғарылау оқушылар бұл жұмысты өз бетінше бақылау жүргізіп, нақты дәлелдер келтіреді. Қарқын тәсілі бойынша ерекше қолдау керек ететін оқушыларға деңгейлік тапсырма бердім.
|
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Қалыптастырушы бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі Оқушылар бірін-бірі өзара бағалау және мұғалімнің жетекшілік етуі арқылы бағаланды. «Жұлдызшалар», смайликтер, қол шапалақтау, «Бағдаршам», қолдау, қолпаштау |
Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік, АҚТ-мен байланыс, тәрбие құндылықтары
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия |
Жауап жазылады |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? |
Сабақ мақсатына жетті. Сабақты ойын түрінде өткіземін. Ойын арқылы оқушылардың ынтасы артады, ынтымақтастық қарым-қатынасы қалыптасады |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Бүгін оқушылар не үйренді? |
Оқушылар бүгін сызба арқылы сөйлем құрауды үйренді |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? |
Сабақ жоғары деңдейінде өтеді. Себебі, тиімді әдістер қолданылады |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма?) |
Саралау жақсы іске асты. Оқушыларға қызықты тапсырмалар болды. Тапсырмалар сабақ мақсатына сай болды. Қарқын, дереккөздер тәсілдері іске асты. «Сөз ойла, тез ойла» әдісі арқылы диалог және қолдау көрсету тәсілі іске асты. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақытты қалай пайдаландым? |
Уақытты тиімді пайдаланамын. Сабақта тиімді әдістер қолдандым |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? |
Жоспарыма тағы әдістер қосамын |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты) 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Салыстыру арқылы ортақ белгілерін анықтау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) 1: Дербес жұмысты ұйымдастыру 2: Қабілетті оқушыларға күрделірек тапсырманы ұйымдастыру |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: Оқушылардың зейінін толық аудару 2: Жұптық жұмысты ұйымдастыру
|