Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының Конституциясы

1993 жылы Конституция. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жарияланып, әлемдік қауымдастыққа енуі – Республиканың сол мәртебесіне сай Конституциясын – Негізгі Заңын қайта қарау мәселесін алға тартты. Коммунистік болашақтан бас тартып, өркениетті қоғам құру, нарық қатынастарына өтуге байланысты өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің көптүрлілігін енгізу, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалау, көппартиялық пен пікір алуандығын қамтамасыз ете отырып, дүниежүзіндегі дамыған елдер қабылдаған демократиялық ұстанымдарды батыл енгізу, азаматтардың құқықтары, бостандықтары және еркіндіктерін кеңейте отырып, олардың міндеттерін де нақтылай түсу, т.б. қоғамдық дамудың өзекті мәселелері жаңа Конституцияда тұжырымдалуға тиіс болды. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мәртебесіне сай жаңа Конституциясы 1993 жылы қаңтардың 28-і күні болып жарияланды. Конституция бойынша, «Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет» деп жарияланды. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін бостандықтары мен құқықтарын аса қымбат қазына деп таныды. Халық — республикадағы мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге тек Республика Жоғары Кеңесінің және Президенттің ғана құқығы бар. Негізгі заңда Қазақстан Республикасындағы мемдекеттік тіл – қазақ тілі екендігі, ал орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі деп анықталды. Президент 1993 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексін қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексінде Қазақстан Республикасы Конституциясының сайлау туралы қағидаларын басшылыққа ала отырып, сайлау өткізудің механизмдері тәптішпен көрсетілді. Жаңа Кодекс бойыша, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің құрамы 177 депутаттан тұратын болды.Оның 42-сі Қазақстан Президенті жасайтын мемлекеттік тізім бойынша тағайындалады. Жоғарғы Кеңеске депутаттыққа кондидаттарды қоғамдық бірлестіктер ұсынатыны, сол сияқты жекелеген азаматтардың өздерін-өздері ұсына алатыны туралы баптар енгізілді. Жаңа кодекс бойынша, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне және мәслихат деп атала бастаған жергілікті билік органдарына сайлау өткізу 1997 жылдың 7 наурызына белгіленді.

I. Біз Тәуелсіз Қазақстан туралы не білдік?

  1. «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Мәлімдеме» қабылдады 1990 жылы 25 қазанда

  2. Қазақстан өз Тәуелсіздігін алды 1991 жылы 16 желтоқсанда

  3. Қазақстанның тұғыш президент сайлауы болды 1991 жылы 1 желтоқсан

  4. Қазақстан Республикасының ең алғашқы Конституциясы қабылданды 1993 жылы 28 қаңтарда

  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын бекітті 1992 жылы маусым

  6. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қабылданды 1995 жылы 30 тамыз

  7. Қазақстанның Ұлттық валютасы айналымға енгізілді 1993 жылы 15 қараша

  8. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды 1997 жылы 21 қыркүйек

  9. Қазақстан Республикасының астанасы Алматыдан – Ақмолаға көшірілді 1997 жылы 10 желтоқсан

II.Венн диаграммасы. Конституция 1993 ж. 28 қаңтар Салыстыру 1995 ж.30 тамыз

1.Президент-Үкімет пен мемлекет басшысы 5 жылға

2.Вице-президент

3.Жоғары Кеңес 4

1.Президент-тек мемлекет басшысы(7 жыл) 2.Вице-президент жойылды 3.Парламент 2 палаталы Сенат,Мәжіліс 4. 9 бөлім,98 бап 5.Заң шығарушылық бастама құқығы тек парламент депутаттары мен Үкіметке тиесілі.

ІІІ.Деңгейлік тапсырма: ІІІ деңгей 1.Негізгі Конституция (1993 ж.) қай жылы қабылданды?

2.ҚР тұңғыш президенті кім?-Н.Ә.Назарбаев

3.Төл теңгеміз қай жылы айналымға енгізілді?-1993 жылы 15 қараша

4.Жаңа Конституция қашан қабылданды?-1995 жылы 30 тамыз

ІІ деңгей 1.1995 ж. Конституцияның қабылдау себебі неде?

2.Тарихи сана және оны қалыптастыру дегенді қалай түсінесің?

3.1993-1995жж. Конституцияның ұқсастықтары мен ерекшелігін анықтау.

4.Жекешелендірудің басты мақсаты неде?

І деңгей 1.Демографиялық ахуалдың себебін түсіндір.

2.Шанхай қауіпсіздік ұйымының басты мақсаты қандай істер атқарады?

3.Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге шешім қабылдауы неде?

4.Әлеуметтік жағдайларының нашарлап кетуінің себептерін түсіндір.

Жауаптары: ІІ деңгей 1.Қоғамда болып жатқан өзгерістерге Қазақстан даму жолындағы алған бағытына байланысты. 2.ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы бұқаралық сананың өзгеруі,ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғыртуы.Тарих ғылымына енгізілген өзгерістер. 3.1993 ж.Конституцияның ерекшелігі: 4 бөлім,21 тарау,131 бап біріктілді.Билік жүргізу жоғары Кеңес және Президент. 1995 ж.Конституцияның ерекшелігі 9 бөлім,98 бап. Мемлекет басқару-Президент,Парламент-Заң шығарушы орган.Ұқсастығы: Ата Заң,Тәуелсіздікті растайтын құжат. 4.Мемлекеттік мүлікті және меншікке үйлестіріп беру.Мемлекеттің экономикасын көтеру.

І деңгей 1.Мемлекетімізде демографиялық ахуал: а) Өзге ұлт өкілдерінің тарихи Отанына көшіп кетуіне байланысты. ә)Туудың коэфициентінің азайып,өлім коэфициентінің көбеюі. 2.а) Саяси –экономикалық ынтымақтастықты дамыту. ә) Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық қақтығыстарды тиімді шешу. 3.Білім беру стандартын күшейту,әлемдік стандартына сай болу. 4.Жаппай жұмыссыздық,кәсіпорындардың жабылуы,экономиканың байланыстардың әлсіреуі.

Легко учиться!